«15»

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржылық қолдауымен «Еуразия» Қоры өкілдігінің қайтарымсыз көмек бағдарламасы аясында «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновация» бағдарламасымен «15» ҮЕҰ экологиялық клубы» жобасы жүзеге асырылуда.

Клубқа экологиялық бағытта жұмыс жасауда тәжірбиесі бар, сондай-ақ әзірленген бастамалары мен жобалық ұсыныстары бар үкіметтік емес ұйымдар кірді.

Жобаның мақсаты – Қызылорда облысындағы экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру арқылы әлеуметтік диалогты ұйымдастыру. Жобаның негізгі көрсеткіштері: ҮЕҰ-ның мемлекеттік органдармен аймақтың экологиялық проблемаларын талқылау мен шешімдер қабылдауда тиімді өзара әрекеттестігіне қол жеткізу, өңірдегі экологиялық проблемалармен айналысатын негізгі мамандар, ұйымдар мен мекемелер туралы мәліметтер базасын құру.

Жоба шаралары Қызылорда облысы әкімдігі және «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің 2021 жылдың 1 қыркүйегінен – 2022 жылдың 15 сәуіріне дейінгі кезеңдегі әлеуметтік ынтымақтастық туралы қол қойған Меморандумға сәйкес ұйымдастырылуда.

Жоба аясында мемлекеттік қызметшілердің Қазақстанда қолданылатын экологиялық стандарттарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер, экологиялық бағдарламалар бойынша біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау мақсатында 40 сұрақтан тұратын тест сауал алынды. Тесттік сауалды арнайы оқу курсынан өткен экологиялық клуб мүшелері жүргізді. Тесттік сауалға барлығы 1000-ға жуық мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Тесттік сауал нәтижесі бойынша ұсынымдар жоба аясында өтетін қорытынды конференцияда жарияланатын болады.

«15» ҮЕҰ экологиялық клубы» жобасы эксперттерімен 1000 мемлекеттік қызметшілер өкілдерінің арасында Қазақстанда қолданылатын экологиялық стандарттарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер, экологиялық бағдарламалар бойынша біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау мақсатында 40 сұрақтан тұратын тесттік сауал әзірленді. 2022 жылғы 15 -25 ақпан аралығында тестілеу өтетін болады.

Аталған жоба «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржылық қолдауымен «Еуразия» Қоры өкілдігінің Social Innovation in Central Asiaқайтарымсыз көмек бағдарламасы аясында «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновация» бағдарламасымен жүзеге асырылуда.