2021 жылғы 23 маусымда Арал ауданында «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың орындалуы бойынша»

2021 жылғы 23 маусымда Арал ауданында «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың орындалуы бойынша» экологиялық және әлеуметтік бағытта белсенді жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдары жетекшілерімен өткен көшпелі кездесу бағдарламасына сәйкес әлеуметтік және экологиялық мәселеге бағытталған пленарлық отырыс өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы, UNICEF Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры өкілі Артур Ван Дизен, Қызылорда облысында экологиялық және әлеуметтік бағытта жұмыс жасайтын белсенді үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Пленарлық отырыста «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі директоры, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Баймаханова Үдербайқызы «Арал теңізі»  қоғамдық бірлестігінің экологиялық, әлеуметтік, экономикалық бағытта атқарылған жобаларына мәлімет және 2019-2020 жылдағы жобалары, Ақшатау ауылында «Балық өсіретін инкубациялық цех»  жұмысының қортындысы, Қаратерең ауылында «Шарбақтап балық өсіру» / Садковое хозяйство/ жобаның қортындысы, Балық шаруашылығына кәсіби 265 маманды оқыту жобасының қорытындысы» туралы баяндама жасады. «Арал мүмкіндігі шектеулі мүгедектерді қолдау» қоғамдық бірлестігі директоры, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің Арал ауданы бойынша мүшесі Индира Жұмашева Жұмашқызы «Әлеуметтік кәсіпкерлік. Экологиялық таза өнім шығару жұмыс орнымен таныстыру» бағытында сөз сөйлесе, «Өрлеу Консалтинг» қоғамдық қоры директоры, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің Арал ауданы бойынша мүшесі  Дастанбек Жұпан «Энергия көздерін тиімді пайдалану, жаңа технологияларды қолданысқа енгізу» жобасымен таныстырды. «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Изден Жарылқасынқызы  UNICEF Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры өкілдеріне Қызылорда облысы қоғамдық ұйымдарының жұмыс барысын таныстырып, атқарылып жатырған ауқымды жұмыстармен және алдағы міндеттермен бөлісті. Анар Жарылқасынқызы өз сөзінде «Бүгінгі кездесуге UNICEF Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры өкілі Артур Ван Дизен қатысып отыр. Бұл экологиялық мәселе тек бір өңірге ғана қатысты проблема емес, барша адамзаттың қатысуымен шешілетін, бірлесе жұмыла кірісетін ғаламдық мәселе екендігін көрсетеді. Бүгінгі көшпелі кездесуде экологиялық бағыттағы бірлескен алдағы мақсат-міндеттерді айқындап, бағыт-бағдарымызды нақтылап аламыз деп сенемін»- дей келе, отырыста талқыланған мәселелерді бірлесе шешуге, серіктесе жұмыс жасауға, халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселесінде қоғамдық ұйымдардың әлеуетін барынша пайдалануға шақырды.

Айта кету керек, Азаматтық Альянстың жұмыс жоспарына сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза табиғат» жобасына қолдау білдіру мақсатында  қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік бағытындағы 200-ден аса ауқымды шараларды жыл бойы атқару жоспарланған.

Осы ретте, жоба аясында Жазғы экологиялық мектеп өз жұмысын бастады. Жазғы мектеп Қызылорда қаласы мектеп оқушылары арасында өз сыныптастарына, достарына экологиялық білімді таратуға әзір 30 белсенді оқушыларын біріктіріп отыр. Жазғы мектеп аясында жастар мен жасөспірімдер арасында тек бос уақыттарын тиімді өткізіп қана қоймай, туған жерінің табиғатын, ерекшелігін білуге бағытталған 8 ауқымды іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр. Экологиялық мектепте аймағымызда осы бағытта жұмыс жасайтын   5 үкіметтік емес ұйым өкілдері дәріс беруде, ақпараттық материалдар әзірлеуде. Бұл ұйымдар Азаматтық Альянстың мүшелері болып табылады. Жалпы экологиялық мектептің мақсаты: мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдары және үкіметтік емес ұйымдарының күшін климаттың өзгеру мүмкіндігі туралы ақпарат таратуға жұмылдыру. Тұрақты даму бойынша нақты шараларды жүзеге асыру.  Ең бастысы – біздің ғаламшарға деген қамқорлығымыз.

Арал ауданында өткен көшпелі кездесу – осы шаралардың мақсатты жалғасы.