АҢДАТПА

Құрметті Қызылорда облысының ҮЕҰ өкілдері, Сіздерді Жазғы Мектепке қатысуға шақырамыз! «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі үкіметтік емес ұйымы 2020 жылғы 19 – 20 тамызда ТоТ қағидаты негізінде өтетін Жазғы Мектепке үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдерін қатысуға шақырады. Өтетін орны: “Номад-Палас”. ​Тренингтерге қатысу үшін мәліметтеріңіз көрсетілген өтінімді толтырып жіберу арқылы тіркелу керек (Қатысушы аты-жөні, жұмыс орны, қызметі, байланыс номері, қатысудағы мақсаты). Өтінімді umai2013@mail.ru электронды поштасы арқылы жіберуге немесе 87172 222716, 8 800 080 8809 номерлеріне хабарласып тіркелуге болады. Қатысу үшін өтінім 2020 жылғы 17 тамызға дейін қабылданады. Жазғы мектеп бағдарламасында келесі тренингтер бар: «ҮЕҰ және заманауи азаматтық қоғам: қазақстандық және халықаралық тәжірибе», «Азаматтық қоғам өкілдері қатысатын мемлекетік құрылымдар жанындағы консультациялық-кеңесші органдар жұмысын ұйымдастыру», «Азаматтық қоғам және экологиялық қауіпсіздік», «Ауылдық ҮЕҰ дамыту: қазақстандық және халықаралық тәжірибе», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ҮЕҰ жұмысы», «Аға сеньорлар» әлеуметтік әріптестік бағдарламасы үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына ықпал жасаушы», «Пандемиядан кейінгі азаматтық қоғам» спикерлердің дебаттық сессиясы». Жазғы мектеп «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қызылорда облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылады.