You are currently viewing ҮЕҰ арналған мектеп

ҮЕҰ арналған мектеп

Ақтөбе қаласында өтіп жатырған “ҮЕҰ арналған мектеп” көшпелі оқыту семинарының екінші күнінде қатысушылар салалық принцип негізінде қоғамдық ұйымдардың жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты. Олардың ішінде: “Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарын қолдау қоры” қоғамдық бірлестігі, “Аналар үйі”, “Тең қоғам” жобасы, “Анаға тағзым” орталығы, “Волонтер.2020 Ақтөбе” ұйымы, “Əкелер” қоғамы, Есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс ұйымдары. Ақтөбелік əріптестерінің  өте ауқымды, нəтижелі жұмысымен танысып, көп ақпаратпен бөліскен оқыту семинарына қатысушы қоғамдық ұйым басшылары өз  мақсатты топтарымен жұмысты жетілдіре түсуде тың идея мен мотивация алды. Оқыту курсы қорытындысымен қатысушыларға сертификаттар табысталды. Бағдарламаға сәйкес қатысушылар Ақтөбе тарихи – өлкетану музейімен танысты. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мектеп жұмысын ұйымдастыруда елімізде жоғары нәтиже көрсетіп жүрген Ақтөбе облысы Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар бірлестігі төрайымы Айгүл Егізбайқызы Дюсеноваға және  ұжымына алғыс білдіреміз. Ақтөбе облысындағы барша әріптестеріміздің Ел дамуы жолындағы игі істеріне сәттілік тілейміз.