ЭкоМектеп

Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы «ЭкоМектеп» шарасын облыс әкімдігі және ҚазГерМұнай БК ЖШС ​ қолдауымен сәтті жүргізіп келеді. ​ «ЭкоМектеп» Қызылорда қаласы мектеп оқушыларын өз сыныптастарына, достарына ​ экологиялық білімді таратуға ​ біріктіріп отыр. Экологиялық мектепте аймағымызда осы бағытта жұмыс жасайтын​ ​ үкіметтік емес ұйым өкілдері дәріс беруде, ақпараттық материалдар әзірлеуде. Бұл ұйымдар Азаматтық Альянстың мүшелері болып табылады. Жалпы экологиялық мектептің мақсаты: мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдары және үкіметтік емес ұйымдарының күшін климаттың өзгеру мүмкіндігі туралы тұрғындар арасында ақпарат таратуға жұмылдыру. Тұрақты даму бойынша нақты шараларды жүзеге асыру.​ Ең бастысы – біздің ғаламшарға деген қамқорлығымыз. Бүгін «ЭкоМектеп» дәрісі № 140 орта мектебі, Көмекбай Қаракөзов атындағы № 235 орта мектепте, Жаппасбай Нұрсейтов атындағы № 233 орта мектепте өтті. ​ Дәріске қатысқан оқушылар мектеп қабырғасынан алған экологиялық білімін жетілдіре түсіп, табиғатқа қамқорлық, қоршаған ортаны қорғауға қатысты тың ойларымен бөлісті. Маңызы жоғары шараны ұйымдастыруға қатысқан мектеп ұжымдарына Алғыс білдіреміз! ​