«Көшбасшылар таңдауы»

Бұл күндері Мәскеуде Ресей мен Қазақстанның шекаралық ынтымақтастығы аясында «Көшбасшылар таңдауы» әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауы өтуде. Бұл байқауды «Орал-Еуразия» сараптамалық клубы Қазақстанның Азаматтық альянсы және «Солтүстік-Оңтүстік» саясаттану орталығымен серіктестікте Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен ұйымдастыруда.

Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы байқауға NEET санатындағы жастарды қолдау мен Ресейдің Байқоңыр қаласы орналасқан Қызылорда облысының экологиялық әл-ауқатын жақсарту бойынша жобаларды іске асыруға өтінімдер берді.

Бүгін «Тірі мұра. Ресейдің жергілікті мәдени брендтерінің ұлттық картасы», «Ашық аспан астындағы Шоқан Уәлиханов мұражайын қайраткердің туған жері – Күнтимес ауылында орнату (Қостанай облысы, Қазақстан), «Әже. Желіде» қарттар үйі мен пансионаттардағы қариялардың белгілі тұлғалармен онлайн кездесулерін ұйымдастыру» жобасы, «Қазақстандағы еріктілердің онлайн -платформасы»,«100 қала көшбасшылары»,«Ресей мен Қазақстанның тарихи жадындағы тың жерлер»,«Жас патриоттар мектебі», «Ивентингтегі (өнертапқыштағы) креативті шешімдер – ҮЕҰ практикасы», «Абилимпикс» жарыс қозғалысы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіби дамуы» жобалары тыңдалды. Ертең жобалардың таныстырылымы жалғасатын болады, қорытындысымен Қазақстан мен Ресейдегі 8 жоба қаржыландыруға ие болады.

Қазақстандық және ресейлік ҮЕҰ -ның бұл кездесуі байқау шеңберінен шығып, тек идеялар мен бастамаларды біріктіріп қоймай, кәсіби диалог алаңы бола білді. Бұл Қазақстан мен Ресейдің өркендеуі мен дамуы үшін бірге жұмыс істегісі келетін ҮЕҰ көшбасшылары жиналған алаңға айналды.