Үкіметтік емес ұйымдар назарына!

«Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі үкіметтік емес ұйымы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қызылорда облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында “Үкіметтік емес ұйымы жұмысын ұйымдастыру” тақырыбындағы семинарға қатысуға аймағымыздың үкіметтік емес ұйымдары басшылары мен  өкілдерін шақырады! Өтетін уақыты: 2020 жылғы 14 тамыз, сағат 09.00 де. Өтетін орны: Қызылорда қаласы əкімдігінің баспасөз орталығы. Тренер: Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы, “Самұрық” инновациялық идеяларды дамыту орталығы” ҚҚ директоры.