«Үкіметтік емес ұйымдар жұмысын стратегиялық жоспарлау»

2020 жылғы 3 қыркүйекте  Азаматтық  орталық базасында «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен «Үкіметтік емес ұйымдар жұмысын стратегиялық жоспарлау» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарына арналған мемлекеттік гранттары арқылы «Қызылорда облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба азаматтық қоғамды дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған. ​ ​ ​ ​ ​ ​Стратегиялық жоспарлау ұйымның болашақтағы мақсатына жетуі үшін дəл қазір не істеуі керектігін айқындап береді. Бүгінгі күні орын алып отырған жоспарланбаған оқиғаларды негізге алсақ, қоғамдық ұйым үшін бұл тақырыптың маңызы ерекше. Оқыту семинары барысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша білімін жетілдірді: Ұйымның мақсаты мен міндетін анықтау. Өзіне ақпарат жинауға қолайлы ортаға, ұйымның мықты əрі əлсіз тұстары мен өзінің əлеуеті туралы ішкі жəне сыртқы ақпаратқа  талдау жасау. Стратегияны таңдау. Стратегияны жүзеге асыру. Оның орындалуын бағалау жəне бақылау. Оқыту семинарының қорытындысымен қатысушыларға сертификат тапсырылды.​ Оқыту семинарын қоғамдық ұйым жұмысын жүргізу саласының үздік  тренері Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы жүргізді. ​