«Үкіметтік емес ұйымдардың нәтижелі дамуы»

2020 жылғы 26 тамызда  Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығының базасында «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен «Үкіметтік емес ұйымдардың нәтижелі дамуы» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарына арналған мемлекеттік гранттары арқылы «Қызылорда облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба азаматтық қоғамды дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Тренинг «Үкіметтік емес ұйымдардың​ құрылуы, мақсаттары, жарғысы, құрылтайшылық құжаттары», «Жастар қоғамдық ұйымдарының​ жоспары мен бағдарламалары: Қазақстандық және халықаралық тәжірибе», «Жастар арасындағы Субмәдениет, неформалды топтардың қалыптасуы мен дамуы», «Әлеуметтік желілер арқылы ұйымның ақпараттық жұмыстарын жүргізу», «Туризм саласындағы жастар бағдарламалары мен жобалар» тақырыптарын қамтыды. Қорытындысымен қатысушыларға сертификат тапсырылды.​ «Умай» ҮЕҰ мен Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жоба аясындағы екіжақты Меморандум аясында шараны жүзеге асырды. Тренинге облыстық жастар үкіметтік емес ұйымдары басшылары мен үйлестірушілері шақырылды. ​Тренинг  қызықты да танымды, жаңа ақпаратқа толы болды.