UNICEF

2021 жылғы 25 маусымда UNICEF Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры өкілі Артур Ван Дизен Азаматтық орталықта қоғамдық ұйым басшыларымен және Жазғы Экомектеп оқушыларымен кездесті.

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Жастар ресурстық орталығы базасында Азаматтық орталыққа кеңсе бөлініп, қазіргі таңда аймақта ұзақ жылдар бойы белсенді жұмыс жасап келе жатырған, бүгінгі күнге дейін нақты кеңсесі жоқ 6 қоғамдық ұйым офиспен қамтамасыз етілген болатын.  Олар: «Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдары Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі, Қызылорда облыстық Чернобыль, Ауғанстан және Совет Армиясы әскерлері жесірлерінің одағы – «Ару – Ана» қоғамдық бірлестігі, «Көкжиек» қоғамдық қоры, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі, «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы, «Ардагерлер одағының (Тәжік – Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың)» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы, «Сұлу жүректері» қоғамдық қоры.

Қоғамдық ұйым басшылары UNICEF өкілін ұйымдарының жарғылық мақсаттары және атқарылған жұмыстары, мақсатты топтарының қоғамдық ұйымға біріккенге дейінгі және кейінгі жай-күйімен таныстырды. Балалар құқығын қорғау, ана мен балаға мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық және бүгінгі өзекті мәселелер туралы пікір алмасты. «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Изден Жарылқасынқызы Жарғылық талаптарға сәйкес 73 ұйымның басын біріктіріп отырған Азаматтық Альянстың миссиясы мен алдағы жұмыс жоспарын атап өтті. Ассоциация мүшелері болып табылатын үкіметтік емес ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңа білім көздерімен біліктіліктерін көтеру мақсатындағы шараларға UNICEF Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қорынын серіктесе жұмыс жасауға шақырды.

Сондай-ақ, UNICEF өкілі Артур Ван Дизен Жастар ресурстық орталығы базасында ұйымдастырылып отырған Жазғы экологиялық мектеп қатысушыларымен кездесті. Экомектеп жоспарына сәйкес «Тұрақты даму агенттігі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Боранбаева Майра Қадірбекқызының  «Экология және тұрақты даму» дәрісін тыңдаған қатысушылар Артур Ван Дизенмен мектептен алған экологиялық білімдерімен бөлісіп, тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі халқаралық қарым-қатынастардың маңызы туралы пікірлесті.