You are currently viewing X жергілікті Азаматтық Форум өтті

X жергілікті Азаматтық Форум өтті

«Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің    30 жылдығы» X жергілікті Азаматтық форумы 2021 жылғы 23 желтоқсанда Достық Үйінде облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Ахметтің қатысуымен өтті.
Еліміздің қоғам белсенділерін біріктіретін дәстүрлі ауқымды іс-шара биыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерекелік бағдарламамен өтті.
Азаматтық Форум Қазақстанда 2003 жылдан бастап әрбір екінші жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Азаматтық форумдар еліміздің қоғам қайраткерлерін біріктіреді және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуға, азаматтық қоғамның тұрақты институционалдық дамуына елеулі үлес қосты. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, Қазақстанның волонтерлік қозғалысы саласындағы идеялар мен бастамаларды ілгерілетуде.
Жергілікті форум жұмысына 100-ге жуық азаматтық белсенділер, мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шараларын ұйымдастыру барысында  ерекше ескеруді тапсырған экология және тұрақты даму мәселесі, «Тәуелсіздік ұрпақтары» біртұтас ұлттық жобасының орындалуы, еріктілер жұмысын жетілдіре түсу, таланттар фабрикасын құру идеясы, жас ғалымдардың дамуына жағдай жасау мәселелері баяндалып, келелі ұсыныстар айтылды.
Форум аясында азаматтық қоғамды дамытудың жаңа Тұжырымдамасының негізгі бағыттары, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы, қоғамдық бақылаудың тетіктері мен мүмкіндіктері, ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі, даму перспективалары сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, өткен форумдардағы ұсыныстардың орындалуы туралы баяндама жарияланады.
Форум қорытындысымен аймағымызда азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан, 10 жылдан аса қоғамдық ұйым жұмысына белсене қатысып жүрген азаматтар «Қазақстан Республикасының 30 жылдығы» атты мерейтойлық медалімен, «Халық алғысы» медалімен, республикалық “Жомарт жүрек” байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздары, ҚР Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның алғыс хатымен, “Рухани жаңғыру” қазақстандық қоғамдық даму институтының алғыс хатымен,  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.