«Қызылорда облысы бойынша «бір терезе»

«Қызылорда облысы бойынша «бір терезе»

Облыс әкімдігінің және ҚазГерМұнай ЖШС БК-нің қолдауымен жүзеге асырылып отырған «Қызылорда облысы бойынша «бір терезе» қағидаты негізінде үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету үшін азаматтық орталық жұмысын ұйымдастыру және дамыту» жобасы аясында 2021 жылғы 8-9 маусымда Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдары делегаттары Түркістан облысының үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, тәжірбие алмасу мақсатында «Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайту» тақырыбында іссапары ұйымдастырылды.
Екі күндік іссапар бағдарламасына сәйкес бірінші күні үкіметтік емес ұйымдар Түркістан қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы нысандардың құрылысымен танысып (әкімдік ғимараты, медиаорталық, конгресс-холл, Елбасы Н.Ә.Назарбаев аллеясы), Әзірет Сұлтан музейі, Қ. Ясауи кесенелерін, Керуен сарайды, Күлтөбе қалашығын және «Визит орталығы», музей, неке сарайын, жаңа тұрғын үйлерді, дендросаябақты аралады. Әуенді субұрқақ, амфитеатр, гүлдер аллеясы, этноауылды және т.б. нысандарды тамашалады.
Іссапардың негізгі бөлімінде Түркістан және Қызылорда облысы үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен «Қоғамдық бақылау» туралы Заң жобасын және үкіметтік емес ұйымдардың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған сұхбат алаңы өтті.
Сұхбат алаңын Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Жақыпбеков Дінмұхамед Сапарұлы жүргізіп, қоғамдық ұйымдардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-тілектерін негізге алды. Екі облыстың үкіметтік емес ұйымдары алдағы уақытта да серіктесе жұмыс жасауына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Сұхбат алаңы барысында «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің төрайымы А.Ж. Изден Қызылорда облысындағы азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы жұмыстармен қатысушыларды таныстырып, «Халық пен биліктің арасындағы көпірге айналған азаматтық сектормен өзара іс-қимылды жетілдіруді талқылап, ұсыныс-пікірлерді ортаға салу үшін мұндай басқосулардың маңызы зор. Бүгінгі кездесуде алдағы мақсат-міндеттерді айқындап, бағыт-бағдарымызды нақтылап аламыз деп сенемін»- деді. «Қоғамдық бақылау» туралы Заң жобасына қатысты Қызылорда облысында өткен сұхбат алаңдарында қоғамдық ұйым және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері тарапынан айтылған ұсыныстарын атап өтті.
Сұхбат алаңында Түркістан облысы «Береке» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.С. Абдуллаева, «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қорының төрағасы Ш.Е. Керімбайұлы, «Жалын жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Б. Керімбеков, Кентауқаласы «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Ж. Ниязова сөз сөйлеп ұсыныстарын білдірді.
Қызылорда облысы делегаттарынан «Облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің Үйлестіру Кеңесі төрағасының орынбасары Қ.А. Баймаханов, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің Қармақшы ауданы бойынша өкілі Ш.Құндақбаев, «Шапағат» қайта оңалту орталығы» қоғамдық қорының президенті, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің Қазалы ауданы бойынша өкілі Ш.Қ. Женсикбаева ұйымдарының жұмыс тәжірбиелерімен бөлісіп, келелі пікірлерін жеткізді.
Шара қорытындысымен Түркістан облысының «Азаматтық Альянсы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің» төрағасының орынбасары Намазбаева Инара Абдигаппарқызы Қызылорда облысы үкіметтік емес ұйымдарына өз жұмыс бағытымен таныстырып, екі облыстың өзара серіктестігін арттыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Екі күндік іссапар «Шапағат» мүмкіндігі шектеусіз азаматтарға арналған оңалту орталығымен танысумен қорытындыланды.
«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» және облыс делегаттары Түркістан облысы әкімдігі және қоғамдық ұйымдары басшыларына, Қызылорда облысы әкімдігі мен ҚазГерМұнай БК-на азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік орган арасындағы әріптестік қарым-қатынастардың берік орнығуына бағытталған шараны нәтижелі ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс сезімін білдіреді.