«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы»

2021 жылғы 28 мамырда Достық Үйінің мәжіліс залында «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының ұйымдастыруымен «Қызылорда қаласында газды тасымалдау қызметі бойынша өзекті мәселелер» тақырыбындағы қоғамдық тыңдау өтті.
Бүгінгі күні «Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі аймағымыздағы азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарының қатарында қоғамдық маңызды сұрақтар жөнінде қоғамдық бақылау жүргізу бойынша кешенді шаралар ұйымдастыру, кіші гранттардың орындалуына мониторинг жасау, «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасын талқылау және әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу, қоғамдық бақылаудың ең өзекті және заманауи бағыттағын айқындау мақсатындағы сұхбат алаңдарына қатысу қызметтерін көрсету жұмыстарын жүргізуде.
Қоғамдық тыңдауға Қызылорда облыстық, қалалық мәслихатының депутаттары, қоғамдық ұйым және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қоғам белсенділері қатысып ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қоғамдық тыңдау барысында Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы бойынша пайдаланылған газға борышкерлер саны артып отырғандығы және газбен қамтамасыз ету бағытындағы өзге де өзекті мәселелер, қызмет көрсетудегі жетілдіре түсетін жұмыстар талқыланды. Талқылау нəтижесімен облыс əкіміне жəне тиісті мемлекеттік органдарға ұсынымдары жолданатын болады.