«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы»

2021 жылғы 2 шілдеде Жастар ресурстық орталығының конференц-залында «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде азаматтық орталық жұмысын ұйымдастыру, ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды дамыту, экологиялық бағыттағы жобаларды жүзеге асыру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралып, күн тәртібінен тыс ағымдағы мәселелер талқыланды. Үйлестіру кеңесі отырысына облыс әкімінің орынбарасы С.Ә.Ахмет қатысып, жастар ресурстық орталығы базасында орналасқан «Азаматтық орталықтың» жұмысымен танысты.

Облыс әкімінің қолдауымен Азаматтық орталыққа кеңсе бөлініп, қазіргі таңда аймақта ұзақ жылдар бойы белсенді жұмыс жасап келе жатырған, бүгінгі күнге дейін нақты кеңсесі жоқ 6 қоғамдық ұйым офиспен қамтамасыз етілді. Олар: «Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдары Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Сұлу жүректері» қоғамдық қоры, Қызылорда облыстық Чернобыль, Ауғанстан және Совет Армиясы әскерлері жесірлерінің одағы – «Ару – Ана» қоғамдық бірлестігі, «Көкжиек» қоғамдық қоры, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі, «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы, «Ардагерлер одағының (Тәжік – Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың)» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филалы.

Сондай-ақ, Үйлестіру кеңесі отырысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Елорда күніне орай аймағымызда 20 жылға жуық белсенді жұмыс жасап келе жатырған Азаматтық Альянстың мүшелері болып табылатын үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Ахметтің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кету керек, Үйлестіруші кеңес Ассоциацияның ең жоғарғы басқарушы органы саналады. Қызылорда облысының Азаматтық Альянс Ассоциациясы 2006 жылы құрылды. 2020 жылы Альянс жаңа форматтағы жұмысын бекітіп, барлық аудандарда өкілдері жұмыс жасауда. Ассоциация құрамына Жарғылық талаптарға сәйкес 73 ұйым мүшелікке кірді.