«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы»

«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі Қазақстан Республикасының Азаматтық Альянсының (жетекшісі Нұрғазиева Бану Ғаниқызы) желілік бағдарламасы аясында өңірлік азаматтық ресурстық орталықтарының жұмысына талдау жасау жобасын жүзеге асыруды бастады.

Жоба аясында 2018-2020 жылдардағы тиімділік индикаторларын орындау бойынша динамиканы өлшей отырып, ҮЕҰ-ның өңірлік азаматтық (ресурстық) орталықтарының қызметіне талдау жасалады. Өңірлік азаматтық орталықтардың жұмыс жасау стандарттарын әзірлеу және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды құру, өңірдегі гранттық қаржыландыруды жетілдіре түсу мәселесі қаралады.

Жоба жұмысына қатысуға үкіметтік емес ұйым өкілдері, сертификатталған сарапшылар шақырылады. Еске сала кетсем, 2020 жылғы тамыз айында Қызылорда облысы Азаматтық Альянсымен өңірлік үкіметтік емес ұйымдары өкілдеріне арналған Жазғы мектепте 30 азаматтық қоғам өкілдері білімін жетілдіріп, сертификат алған болатын.