Қызылордада қоғамдық ұйымдардың саны артып келеді

Қызылорда облысында қоғамдық ұйымдардың саны жыл сайын артуда.

Осыдан 10 жыл бұрын олардың саны 150 ғана болса, қазір 1000-ға жуықтады. Яғни 443-і қоғамдық бірлестік, 294-і қор, 259-ы филиал. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Анар Ізден мәлімдеді.

«Үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына 2009 жылы облыстық, қалалық және аудандық бюджет есебінен 45 миллион бөлінсе, бүгінде бұл бірнеше есеге өскен.Аталаған көрсеткіш тиісінше үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетінің артқанын көрсетеді. Бұл қаржыға үкіметтік емес ұйымдар арқылы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт пен кәсіпкерлік салаларын дамытуа бағытталған, жастар саясатын жетілдіруге арналған жүздеген жобалар жүзеге асуда», – деді Анар Ізден.

25.08.2020